Bloomberg агенттігінің өкілдерімен қонақ семинары

Алматы технологиялық университетінде әлемге әйгілі Bloomberg қаржы агенттігінің өкілдері Питер Джонсон мен Жансая Еділханның қатысуымен қонақ семинары өтті. Питер Джонсон дамушы нарықтар департаментін басқаратын Bloomberg L.P., қаржылық қызметтер және технологиялар секторларында 30 жылдық тәжірибесі бар менеджер.

Өкілдер біздің студенттерді Bloomberg функционалының артықшылықтарымен таныстырып, оны университеттің оқу процесі мен білім беру бағдарламаларына біріктіру мүмкіндіктерін көрсетті.

Bloomberg агенттігі қаржы нарықтарының кәсіби қатысушыларына арналған қаржылық ақпараттың жетекші жеткізушілерінің бірі.

Қонақ семинарын экономика және бизнес факультеті ұйымдастырды. АТУ-да тұрақты негізде өткізілетін өз ісінің мамандарының қатысуымен осындай пайдалы және ақпараттық дәрістер біздің студенттердің кәсіби деңгейін арттыру үшін зор ықпалын тигізеді.