Діни экстремиздің алдын алу бойынша қонақтар дәрісі өткізілді
2022 жылдың 19 қазанында АТУ-да діни экстремиздің алдын алу бойынша қонақтар дәрісі өткізілді. Соңғы жылдары әлемдегі діни экстремизм мен діни терроризм мәселелері қазіргі заманның жаһандық мәселесіне айналды. Олардың Қазақстанда да өзектілігі жоғары.
Біз республикамыздың азаматтары деструктивті күштердің ықпалына түскен мысалдарды білеміз. Бірінші кезекте жастарға әсер ету қаупі көп.
Біздің қонақтарымыз Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институтының дін орталығының директоры Шағырбай А.Д. және PhD докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы Өтебаева Д.С. жиналған студенттер алдында діни экстремизм проблемасының өзектілігін және оның алдын алу жолдарын атап өтті.
Өзіңізді және жақындарыңызды радикалды күштердің әсерінен қорғау үшін, ең алдымен, жастарға интернет желісіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылады. Мысалы, өмірлік қиындықтарға қатысты жеке ақпаратты жарияламау, әлеуметтік желілердегі күмәнді сұрауларға жауап бермеу, әртүрлі тартымды ұсыныстарға сақтықпен қарау және сол сияқты алдап арбауға түсіп қалмауды абайлаңыздар.
Қонақ дәрісін «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы, Психологиялық қолдау қызметі және АТУ жастар кеңесі ұйымдастырды. Кездесудің модераторы АТУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., РЖА корр мүшесі Кодар З.М. болды.