АТУ-дағы Республика күніне арналған Диктант

13-19 қазан аралығында АТУ-да республика күніне арналған «Атамекен» тақырыбында ауқымды диктант өтті. Оны өткізудің бастамашысы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі болды. Биылғы жылы 25 қазан күнтізбемізде Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі ретінде тағы да аталып өтілетіні белгілі. Дәл осы күні, 1990 жылы Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды, бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы болды.

Диктантқа университеттің төрт факультетінің бірінші және екінші курстарының мыңнан астам студенттері қатысты: тағам технологиясы, Экономика және бизнес, дизайн, тоқыма және киім технологиясы , инжиниринг және IT факультеттері. Диктантты АТУ «Мемлекеттік және шет тілдері» және «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедралары ұйымдастырды.