АТУ Өзбекстандағы «Білім және мамандық» көрмесіне қатысуда

АТУ өкілдері Өзбекстандағы халықаралық көрмеге қатысуда! «Білім және мамандық» көрмесі – Өзбекстан Республикасындағы Ташкент, Самарқанд, Бұхара, Ферғана, Науаи сияқты қалаларда 12 жылдан бері өткізіліп келе жатқан жетекші өңірлік жәрмеңке. Бүгін контингентті қалыптастыру басқармасының бастығы, PhD докторы Елшібаева Калима Закировна және жарнама бөлімінің бастығы Жолдасбаева Ригина біздің университетті Навои және Зарафшан қалаларында таныстырады. Жыл сайын жақын және алыс шетелдерден келген студенттер АТУ-ға қызығушылық танытуда. Алматы технологиялық университеті өзінің халықаралық беделін кеңейтіп, әлемдік жоғары оқу орындары арасында мәртебесін арттыруда! АТУ бакалавриаттың білім беру бағдарламалары бойынша да, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша да шетелдік талапкерлерді өз қабырғасында әрдайым қуана қарсы алады!