Республика күніне орай Ғылым және жоғары білім Министрлігі жариялаған «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбындағы эссе қорытындысы шығарылды. Қазылар алқасының қарауына 120 конкурстық жұмыс келіп түсті. Екі іріктеу турының нәтижесінде үздік үш эссе анықталды, онда қатысушылар тақырыпты – еліміздің, егемен Қазақстанның болашағы туралы өз көзқарастарын барынша жан-жақты және шығармашылықпен көрсетті.
Бүгін АТУ ректоратының отырысында байқау қорытындысы жарияланып, жүлдегерлер марапатталды. Олар:
1⃣ орын – Алданазарова Сабина, 3 курс, тағам технологиялары факультеті
2⃣ орын – Гарифуллина Жадыра, 1 курс, дизайн, тоқыма және киім технологиялары факультеті
3⃣ орын – Мұрзақан Әлия, 1 курс, тағам технологиялары факультеті.
Үздік жұмыс республикалық эссе байқауына қатысады.
Студенттерді құттықтаймыз! Оқуда табыс, шығармашылық шабыт тілейміз!