Талдықорғаннан келген оқушылар ИжАТФ-де қонақ болды

Талдықорғаннан келген болашақ мектеп түлектері кеше біздің университетте, инжиниринг және IT факультетінде болды. Бұл балалар профиль пәндері ретінде физика-математика, математика-информатика комбинациясын таңдаған.

АТУ-да осы мамандандырылған пәндер бойынша білім беру бағдарламаларының үлкен таңдауы бар, соның ішінде ең танымал және сұранысқа ие:

✔ ақпараттық жүйелер
✔ есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
✔ бағдарламалық жасақтама
✔ автоматтандыру және басқару
✔ роботтар және робототехникалық жүйелер және т.б.

Кездесуде АТУ контингентін қалыптастыру басқармасының бастығы, PhD докторы, Елшібаева К.З. оқушыларға ұлттық бірыңғай тестілеу туралы егжей-тегжейлі айтып берді. ФИиИТ қызметкерлері мен оқытушылары факультет пен білім беру бағдарламаларын таныстырды, балалар факультеттің зертханаларына экскурсия жасады, кітапханаға барды.

Болашақ талапкерлер көптеген пайдалы ақпарат алды.
Мектеп түлектерін АТУ-да күтеміз!