АТУ-ға 65 жыл
Осы жұмада, 21 қазанда біздің университетте мерейтойлық күнге арналған салтанатты шара өтеді. Іс-шара аясында «ИТамақ, жеңіл өнеркәсіп және қонақжайлылық индустриясын инновациялық дамыту» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі. Сондай-ақ, Республика күніне орай АТУ-дың үздік қызметкерлерін марапаттау және мерекелік концерт өтеді.
Біз өзіміздің серіктестерімізді, достарымызды, АТУ түлектерін қуана күтеміз.
Конференцияның басталуы сағат 10:00-де.
Мерекелік бөлім сағат 15:00-де Төле би көшесі,100 мекенжайындағы АТУ-дың үлкен акт залында басталады.