Бүгін Биотехнолог күні атап өтіледі
Бүгін Биотехнолог күні атап өтіледі. Биотехнолог 👩🏻🔬 қазіргі және болашақта да сұранысқа ие болатын әлеуеті жоғары мамандықтардың бірі. АТУ «Тамақ биотехнологиясы» кафедрасында өндірістік-технологиялық және эксперименттік-зерттеу бағыттары бойынша тамақ, фармацевтика, медицина және қайта өңдеу өнеркәсібі үшін биотехнолог-мамандарды 🔭 🧪 даярлайды.
Кафедрада ғылыми зерттеулер жүргізіледі, ауыл шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, тамақ өнімдерін әзірлеу және т.б. салалардағы өзекті жобалар жүзеге асырылады.
«Тамақ биотехнологиясы» кафедрасының студенттерін, оқытушылары мен қызметкерлерін атаулы мерекемен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жемісті де табысты болсын!