Бүгін – Халықаралық стандарттау күні

Бүгін-Халықаралық стандарттау күні. Тағам технологиялары факультетінің «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі және сапасы» кафедрасы кәсіби мерекені АТУ-дың 65 жылдығына орайластыра отырып, үлкен іс-шарамен атап өтті.

Кафедра ұжымымен Стандарттау, сертификаттау және метрология мамандығын ашу бойынша үлкен жұмыс атқарылды, ол бүгінде АТУ-да ең сұранысқа ие болып табылады. Іс-шараға бейінді ұйымдардың өкілдері, оқытушылар, студенттер шақырылды.

Қонақтар алдында АТУ ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Алиев Б.А., тағам технологиялары факультетінің деканы Жақсылықова Г.Н., кафедра меңгерушісі Уажанова Р.У., тәрбие жөніндегі деканның орынбасары Қазангелдина Ж.Б. сөз сөйледі.

Сондай-ақ, бұл іс-шараға шетелдік серіктестер Л.Тургенев атындағы Орел мемлекеттік университетінің «Аспап жасау, метрология және сертификаттау» кафедрасының меңгерушісі Владимир Марков, Мәскеу қаржы университетінің Калиниград филиалының «Тауартану және кедендік бақылау» кафедрасының меңгерушісі Адмаева Анна Михайловна және Чехия Техникалық университетінде семестрлік ұтқырлық бойынша оқитын магистрант Ыдырысова Акереке қатысты.

Мерекеге қатысқан «Қазстандарт» РМК стандарттау бөлімінің маманы Алексеева Л.Я. өз кәсіпорны атынан кафедра ұжымына белсенді ынтымақтастық және оқу және ғылыми жұмысқа қатысқаны үшін алғыс хат табыс етті, мол табыс және одан әрі еңбектері жемісті болуын тіледі. Сондай-ақ, кафедра базасында өндірістік практикадан өтіп жатқан ТЭК колледжінің оқушысы Даниял Сағитов алғысын білдірді.

Студенттер өздерінің көптеген таланттарын көрсете отырып, мерекелік концерт дайындады. Сондай-ақ үздік топтар мен студенттерді марапаттау рәсімі өтті.