Шин-Лайн және Danone Berkut өкілдерінің шеберлік сыныбы

Бүгін АТУ-да «Тағам технологиялары», «Инжиниринг және ақпараттық технологиялар» факультеттерінің 4-курс студенттері үшін «Сұранысқа ие дағдылар негізінде тиімді түйіндеме жасау және әңгімелесуге дайындық» тақырыбында мастер-класс өтті.

Шин-Лайн ЖШС өкілдері-персоналды іріктеу және жалдау бөлімінің маманы Сарандаева Е.А., кадрлар жөніндегі бас маман Сүлейменова Д.Ж., сондай-ақ «Danone Berkut» ЖШС өкілдері-персоналмен жұмыс жөніндегі маман Ловакова А.А., зерттеулер және инновациялар жөніндегі маман Тулкибаева А.К. осы компанияларды жалдау кезінде қойылатын талаптар туралы ақпаратпен бөлісті. Қызметкерлердің түйіндемені қалай дұрыс жазу және сұхбатқа дайындалу туралы айтылды.

Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды. Мастер-класқа Beam.kz платформа өкілдері де қатысты .