АТУ спартакиадасының қорытындысы

Екі күн ішінде №2 АТУ корпусының спорт залында бірінші курс студенттері арасында спорттық шайқастар өтті. Спартакиада бірнеше спорт түрлері бойынша өткізілді: волейбол, баскетбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, дартс, арқан тарту.

Біздің бірінші курс студенттері жақсы дайындықты көрсетіп АТУ-ның үлкен спорттық командасының мүшесі болу құқығын дәлелдеді. Кім жеңімпаз болды?

1 орын – Тамақ технологиялары факультеті
2 орын – Инжиниринг және IT-технологиялар факультеті
3 орын – Экономика және бизнес факультеті
4 орын – Дизайн, тоқыма және киім технологиялары факультеті

Құттықтаймыз! АТУ-да белсенді спорттық өмір және ел мен әлемнің ірі спорт ареналарында үлкен жеңістер тілейміз!