Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер мен толықтырулар
2022 жылғы 10 қазанда Алматы технологиялық университетінде университет қызметкерлері үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер мен толықтырулар» тақырыбында дәріс өтті. Ол «Алматы технологиялық университеті» АҚ-ның 2022-2023 оқу жылына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың кешенді жоспарын орындау және «Sanaly urpaq» жобасы шеңберінде ұйымдастырылды.Дәрісті «SANALY urpaq» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Тоқушев Қайыржан Ахметбекұлы жүргізді.
Өз сөзінде Токушев Қ.А. сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістерге тоқталып, мемлекетте, ұйымдар мен оқу орындарында өткізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы, сондай-ақ азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыруда өткізілетін іс-шаралардың рөлі туралы хабардар етті.