«Менің арманымдағы Қазақстан» байқауы

Құрметті достар! Сіздерді Қазақстан Республикасы күніне арналған «Менің арманымдағы Қазақстан» атты эссе байқауына қатысуға шақырамыз. Байқаудың ұйымдастырушысы-ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі.

Байқауға студенттер, магистранттар және жастар қоғамдық ұйымдары қатыса алады. Шығармашылық жұмыс автордың Қазақстанның болашағына және оның осы болашақты қалыптастыруға қатысуына қатысты көзқарасы мен үміттерін көрсетуі тиіс.

Эссе келесі талаптарға сай болуы керек:

  • байқау тақырыбына сай болу
  • автордың жеке ұстанымын, өзіндік идеяларын және эссе тақырыбын қараудың стандартты емес бұрышын көрсету
  • автордың өз пікірін негіздеу қабілетін көрсету

Конкурстық жұмыс қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде орындауына болады.

Жұмыс Word форматында, 1,0 интервал, Times New Roman шрифті, 14 кегль болуы керек. Жұмыс көлемі 3 парақтан аспауы керек. Дәйексөздерді, басқалардың пікірлерін пайдалану кезінде ескертулерде мәлімдеменің көзі көрсетілсін.

Эссенің титулдық бетін ресімдеуге қойылатын талаптар:

  • білім беру мекемесінің немесе ұйымның толық атауы;
  • тақырып;
  • автор туралы мәліметтер: Тегі, Аты, Әкесінің аты, курсы, тобы, байланыс телефонының нөмірі, электрондық пошта.

Осы Ереженің талаптарын бұза отырып орындалған эсселерді конкурстың қазылар алқасы қарамауға құқылы.

Эссе Электрондық z.auhadieva@atu.kz поштасына  2022 жылғы 15 қазанға дейін «Эссе байқауы» белгісімен жіберілуі керек.

Ойыңыз еркін болсын! Болашақты бағамдаңыз!

Байланыс: «Мемлекеттік және шет тілдері» кафедрасы, тел: 8 777 296 99 37