Қамқоршылық кеңестің отырысы
2022 жылғы 7 қазанда Алматы технологиялық университетінде Қамқоршылық кеңестің отырысы өтті, онда бір жылдағы жұмыстың қорытындысы шығарылды, сондай-ақ ағымдағы өзекті мәселелер мен болашаққа жоспарлар талқыланды.
АТУ Қамқоршылық кеңесі 2005 жылдан бастап АТУ-да сәтті жұмыс істейді. Оның құрамына тамақ және жеңіл өнеркәсіптің ірі кәсіпорындары мен салалық одақтардың басшылары кіреді, олардың ішінде: Қазақстандық Қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығы, Қазақстанның тамақ кәсіпорындары Одағы, ҚР бухгалтерлер мен аудиторлар қауымдастығы, «Эфес Қазақстан» ЖК АФ, «Карлсберг Қазақстан» АҚ, «Беккер и К» ЖШС, KazFood Products, «Қаз Центр», «Мұнай сақтандыру компаниясы», «Қазтехсервис» ЖШС, «Ақсай ХБК» ЖШС, «Эллис» ЖШС, «Дигам» ЖШС, «Цин-Каз» ЖШС, «Балалар әдиеті» баспасы және басқалар.
Қамқоршылық кеңес университетпен білім беру қызметтерінің сапасын арттыру, оқу процесін оңтайландыру, студенттердің тағылымдамалары мен өндірістік практикасын ұйымдастыру мәселелерінде белсенді ынтымақтасады.