1 қазан халықаралық қарттар күні – аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін күн. Бұл – жан дүниенің жомарттығы мен адамдық даналықтың, азаматтықтың кемел шағына деген құрмет. Ардагерлер қажеттілігінен алшақ қалмай, үлкендерге құрмет көрсету халықтың мәдениеттілігін сипаттайтын негізгі белгі.
Қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата-әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
Алматы технологиялық университетінің «Химия, химиялық технология және экология» кафедрасы ұжымы қоғамдық негізде кафедра қарттарын мерекелермен құттықтап тұрамыз. 5 қазан күні «Жастар Рухы АТУ» жастар қанаты «Нұр» қарттар үйіне студент еріктілері концерттік бағдарламамен барды. Үлгілі отбасылардың өнегесін алып, өсіп-өнген ел мақтанар, қызыға қарар әулет болуға талпынайық.