АТУ «Huawei» IT-академиясында «Huawei ICT Competition 2022-2023» іс-шарасы өтті
АТУ «Huawei» IT-академиясында Huawei компаниясының өкілдері ұйымдастырған «Huawei ICT Competition 2022-2023» іс-шарасы өтті. Оған «Huawei» IT-академиясының студенттері мен оқытушылары қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар:
- Huawei-дің цифрлық технологияларды дамыту үдерісіндегі рөлі туралы
- Huawei-дегі мүмкіндіктер мен тағылымдамалар туралы білді
- Huawei компаниясының сайтында IT-мамандықтар бойынша оқу материалдарының базасымен тіркелді
- Eurasia 2022-2023 «Huawei ICT Competition» халықаралық байқауына тіркелді
- Акт терминдері негізінде Ойын ойнау арқылы жақсы көңіл-күй алды
- ұйымдастырушылардан сертификаттар мен сыйлықтар алды.
Huawei компаниясымен ынтымақтастықтың арқасында АТУ студенттері осы танымал компанияның сертификаттарын алуға, сол арқылы еңбек нарығында өзінің сұранысын арттыруға мүмкіндік алады.