Бүгін АТУ-да «Қандай салалар сұранысқа ие және қалай жұмыс табуға болады?» тақырыбында мастер класс өтті

Бүгін АТУ-да «Қандай салалар сұранысқа ие және қалай жұмыс табуға болады?» тақырыбында Дизайн, текстиль және киім технологиясы факультетінің бітіруші курс студенттеріне арналған мастер класс өтті. Оны Әуелбекова М.А., «Clotwell» ЖШС кадрлар жөніндегі инспекторы Бочарова Ю.В., «GLASMAN» ЖШС HR менеджері және «ҚазСПО-N» ЖШС директоры Свечникова Е.А. өткізді.

Жетекші тігін кәсіпорындарының өкілдері болашақ түлектерге осы өндірістердегі мамандарға қойылатын талаптар туралы айтып, өз кеңестерімен бөлісті, сондай-ақ студенттерді қызықтыратын өндірістік практикадан өту мүмкіндігі, жұмысқа орналасу және Қазақстанда тігін өндірісін дамыту перспективалары туралы сұрақтарға жауап берді.

Студенттер жұмыс берушілерден көптеген пайдалы ақпарат алды. Мастер-классты АТУ мансап орталығы ұйымдастырды.