Біздің студенттер Русен университетінде білімін жалғастыруда

Біздің тағам технологиялары факультетінің студенттері: Музафарова Ақерке – 4 курс, ТПП, Бисенгалиева Айкоркем – 2 курс, ТПП, Нармахан Құралай – 3 курс, биотехнология, Ангел Кьнчев атындағы Русен университетінде (Болгария) білімін жалғастыруда. Бұл мүмкіндікті қыздар конкурстық іріктеуден өту арқылы алып, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Шетелдегі Семестр 2022» бағдарламасы бойынша Еуропа елдерінде оқуға грант иегерлері атанды. Бұл бағдарлама барлық шығындарды жабуды қамтиды: оқыту, ұшу, тұру және т.б..

Маусым айында Ангел Кънчев атындағы Русен университетінің делегациясы АТУ-да болды.Сапар барысында жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Студенттерімізге оқуда сәттілік пен табыс тілейміз!