Студенттер үйінде бірінші курс студенттерін қабылдау кеші өтті

Біздің студенттер жатақханаларында тұратын бірінші курс студенттеріне арналған қабылдау кеші ұйымдастырылды. Іс-шаралар креативті және көңілді өтті. Мұндай көңіл күй ұзақ уақыт бірінші курс студенттерінің жадында қалып жаңа өмірге бейімделуіне көп ықпал етеді. АТУ – үлкен тату отбасы. Алдағы уақытта студенттік өмірдің ең есте қаларлық және қызықты өтуіне, жаңа таныстар мен достар табуына тілектеспіз! Ал осы шаралар соған септігін тигізеді деп сенеміз!