ФЭиБ-те «Туризм бүгін» дәрісі

Бүгін АТУ-да экономика және бизнес факультетінің «Туризм» білім беру бағдарламасының студенттері үшін «ONLY-B2B» туристік компаниясының директоры Хван Елена Эдуардовнаның «Туризм бүгін» тақырыбына шолу дәрісі ұйымдастырылды.

Іс-шара Дүниежүзілік туризм күніне орайластырылды. Дәріскер студенттерді қазіргі туризм нарығындағы негізгі үрдістермен, қазақстандықтардың демалыс және саяхат орындарын таңдаудағы бүгінгі таңдаулары, сондай-ақ осы саланы дамыту перспективалары туралы таныстырды.

АТУ-дың барлық факультеттері осындай қызықты іс-шараларды тұрақты негізде өткізеді, ғылым мен білім беру әлемінен атақты дәріскерлер, сондай-ақ ірі бизнес өкілдері шақырылады. АТУ факультеттерінің деканаттары біздің студенттерміздің жан-жақты дамуы мен пайдалы ақпарат алуы үшін барлық жағдай жасауға тырысады.