27 қыркүйек – Дүниежүзілік туризм күні

0 Comments

Жыл сайын көптеген адамдар шетелге демалысқа немесе Қазақстан ішінде саяхаттайды.  Демек, демалыс пен саяхатты ұйымдастырудағы барлық қиындықтарды жеңе алатын мамандарға сұраныс артып келеді.

АТУ-да мұндай мамандарды экономика және бизнес факультетінде «Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша дайындайды. Біздің студенттерімізде тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де сұранысқа ие мамандық алу үшін барлық жағдай жасалған. Университетте «Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша қосдипломды білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда, ол бірден екі диплом алуға мүмкіндік береді: АТУ және Швейцария туризм және қонақ үй менеджменті институты (HTMi).

Біз «Туризм және сервистік қызмет көрсету» кафедрасының оқытушылары мен студенттерін кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Деніміз сау, аспанымыз ашық болсын! Әлемге саяхатты бірге жасайық!