АТУ-дағы әдеби кеш

0 Comments

Бүгін АТУ-да көрнекті жазушы, драматург және ғалым Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған кеш өтті.

Көптеген әдеби шығармалар мен ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде әлемге әйгілі болған «Абай жолы» төрт томдық роман-эпопеясы көпшілікке танымал. Роман әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, «Дүниежүзілік әдебиет кітапханасына» енді.

Кеште М.О. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының сюжеттік-композициялық құрылысының ерекшелігі және оның әлемдік тілдерге аударылуы туралы баяндамамен ҚР ҒЖБМ ҒК М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының халықаралық байланыстар және әлемдік әдебиет бөлімінің меңгерушісі Светлана Ананьева сөз сөйледі.

Кешке біздің студенттер де қатысты. Бугенова Аружан мен Дусекенова Эльвира Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы жетімдік мәселесін, туралы әңгімеледі. Әдеби кешті «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы мен АТУ ғылыми кітапханасы бірлесіп ұйымдастырды.