АТУ-да Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған кеш

15 қыркүйек күні сағат 14:00-де АТУ-да Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған кеш өтеді.

Іс-шараға ҚР ЖОҒМ ҒК М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының халықаралық байланыстар және әлемдік әдебиет бөлімінің меңгерушісі Светлана Ананьева, «М.О. Әуезовтің музей-үйі» ҰҒО басшысы Қонаев Диар, қоғам қайраткері Алтынбеков Тәуке және т.б қатысады.

Кешті Ғылыми кітапхана, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы ұйымдастырады.

Өткізілетін орны: АТУ ғылыми кітапханасының оқу залы. Бас оқу ғимараты, Төле би көшесі, 100.