АТУ жас ғалымдарының ғылыми жобасы

0 Comments

АТУ – Инновациялық ғылыми әзірлемелерге арналған алаң және ғалымдардың бастамаларына барынша қолдау көрсететін оқу орны.

Көптеген ғылыми идеялар тағам технологиялары факультеті базасында жүзеге асады.

Сондай жобалардың бірі – «Жергілікті шикізатты қайта өңдеу негізінде диеталық және иммуностимуляторлық кондитерлік өнімдерді дамыту» Пронина Юлия Геннадьевнаның жетекшілігімен әзірленді. АТУ жас ғалымдары қатысатын жоба аясында пайдалы табиғи тәттілер шығарылады. Бұл біздің аймақта өсетін өсімдіктердің сығындыларымен байытылған пастила, мармелад және кондитерлік өнімдер, карамель кәмпит. Мысалы, шырғанақ, шайқурай, сондай-ақ асқазан-ішек жолына пайдалы әсер ететін және иммунитетті арттыратын пробиотиктер. Юлия Геннадьевна – «Астық өнімдері және өңдеу өндірістері технологиясы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, АТУ жас ғалымдар Кеңесінің төрағасы, сондай-ақ ақпараттық қамтамасыз ету және патенттік зерттеулер бөлімінің жетекші патенттеушісі. Ол өзінің ғылыми-зерттеу қызметін біздің университетте шәкірт тәрбиелеумен үйлестіреді.

Юлия Геннадьевнаға және оның командасына жаңа инновациялық жобаларды және оларды кең өндіріске енгізуін тілейміз!