«Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасы Қазақстан халқына Жолдауын талқылады

Бүгін АТУ-да «Dostyk» шетелдік студенттер клубының мүшелері «Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасымен бірлесіп ҚР Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.

Мемлекет басшысы атап өткендей: «Мемлекеттілікті одан әрі нығайту үшін бізге бірлік қажет. Басқа жол жоқ. Халықтың бірлігі әрқашан біздің басты құндылығымыз, ол бүгінде одан да үлкен мәнге ие». Кездесуге қатысушылар елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың табыстылығының басты кепілі – халқымыздың бірлігі мен тұтастығында екенін атап өтті.

Студенттер Президенттің «Ұлттық қор – балаларға» бастамасын ерекше бағалады.

Сондай-ақ, олар Мемлекет басшысының ҰБТ қорытындысы бойынша сараланған гранттарды бөлу туралы: 30-дан 100 пайызға дейін және 2-3 пайыздық жеңілдікпен несие беру туралы ұсынысына оң баға берді. Жолдауда айтылған білім беру сапасын жақсарту, балабақшаларда тәрбиеленеушілерді жай-күйі, ЖОО-лар үшін жатақханалар салу және т. б. мәселелер жөнінде студенттер өз пікірлерін білдірді.

Студенттер бұл бағдарламалық құжат әрбір қазақстандықтың өміріне нақты әсер ететініне сенім білдірді.