Жаңартылған кітапхана есігін айқара ашты
№2 және №3 корпустарда орналасқан АТУ ғылыми кітапханасының филиалы күрделі жөндеуден кейін өз есігін айқара ашты. Кітапхана түбегейлі өзгерді. Қазір мұнда заманауи компьютерлермен және эргономикалық жиһаздармен жабдықталған үш зал бар.
Электронды ресурстар орталығы, оқу залы және кітаптарға еркін қол жеткізе алатын абонементтік зал.
Оқырмандар үшін арнайы демалыс аймақтары ұйымдастырылған, онда сүйікті кітаптарыңызды оқуға барлық жағдай жасалған. Біздің кітапхана сіздің білім алуыңыз бен дамуыңыз үшін барлық қажетті ақпаратты беруге әрдайым дайын.