Эндаумент-қорларының II Республикалық конференциясы

0 Comments

6-7 қыркүйек 2022 жылы Қазақстанның эндаумент-қорларының II Республикалық конференциясы өтті, оған «Эндаумент АТУ» Корпоративтік Қорының директоры Матибаева А.И. да қатысты. Дөңгелек үстел форматында өткен іс-шарада «Қазақстан халқына» қорының төрағасы Жәмішев Б.Б. кіріспе сөз сөйледі.  Эндаумент-қорларының қазіргі таңдағы өзекті мәселелері талқыланып, қордың даму үдерістері туралы пікір алмасты. Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жоғары оқу орындарының эндаумент-қорларын дамыту жөніндегі Жолдауында қойылған міндеттерді талқылауға ерекше назар аударылды. Конференцияға ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек те қатысты.

Қорытындылай келе Эндаумент-қорлары туралы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынымдар пакеті әзірленді.