Бүгін АТУ-да университеттің ПОҚ мен қызметкерлері үшін семинар өткізілді
Бүгін АТУ-да университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері үшін семинар өткізілді.
Жиналыста университеттің 2022-2023 оқу жылына арналған стратегиялық даму міндеттері баяндалды. АТУ бірінші проректоры Нұрахметов Б.Қ. осы тақырыпта баяндама жасады.
Алдағы оқу жылында білім беру, ғылыми және тәрбие үдерістерінің негізгі басымдықтарына академиялық мәселелер жөніндегі проректор Байболова Л.К., ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Алиев Б.А., тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Бисалиева Д.М. тоқталды.
Сапа және аккредиттеу басқармасының білім беру сапасы менеджменті бөлімінің бастығы Демина Т.М. 2021-2022 оқу жылындағы ПОҚ кәсіби рейтингінің нәтижелері және 2022-2023 оқу жылындағы өзгерістер туралы айтып берді.