ҚР ЖОО қауымдастығына – 20 жыл

0 Comments

Бүгін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен Қазақстан жоғары оқу орындары қауымдастығының 20 жылдығына арналған Қазақстан жоғары оқу орындарының жалпы жиналысы өтті. Қазіргі уақытта қауымдастық құрамына Қазақстанның түрлі үлгідегі және бейіндегі 77 аккредиттелген ЖОО, оның ішінде Алматы технологиялық университеті кіреді.

Кездесуге қатысушылар жоғары білім берудің және жоғары оқу орындары қызметінің өзекті мәселелерін талқылап, жоғары білікті кадрларды даярлауға қатысты бірқатар мәселелер бойынша өз пікірлерімен бөлісті.

Іс-шарада «Бизнес-қоғамдастықпен контекстегі жаңа білім беру бағдарламалары» тақырыбында АТУ ректоры Т.Қ. Құлажанов баяндама жасады. Өз сөзінде Ректор Қазақстан мен Орталық Азияның жетекші ғылыми-инновациялық және білім беру орталықтарының бірі ретінде АТУ жетістіктеріне тоқталды, сондай-ақ, бірлескен шешімді талап ететін өзекті мәселелерді атап өтті.

АТУ ректоры Т.Қ. Құлажанов ҚР ЖОО қауымдастығына табыс тілейтінін, бұл ұйым 20 жыл ішінде ғылым мен жоғары білім беру саласындағы өзекті мәселелерді шешуде өз қызметінің тиімділігі мен орындылығын дәлелдегенін айтты.