АТУ эдвайзерлері бірінші курс студенттерімен кездесуге дайындалуда
Бірінші курс студенті университет табалдырығын аттағанда қарсы алатын ең басты адам – оның эдвайзері. Эдвайзер студенттің оқу барысында бағыт берер тәлімгері, жеке оқу жоспарын құрастыруда, қажетті материалды игеруде көмек көрсететін, академиялық үлгерімді бақылайтын екінші анасындай. Бұл оқу процесіне қатысты кез-келген сұрақтардың шешімін тауып беретін жан.
Эдвайзерлер – арнайы дайындықтан өткен білікті мамандар.
АТУ – эдвайзерлердің кәсіби командасы, ол әрқашан студенттерге көмекке келуге дайын.
Қазір біздің эдвайзерлеріміз оқудан өтіп, өздерінің жаңа шәкірттерімен кездесуге белсенді дайындалуда.