Ғылым және жоғары білім форумы

0 Comments

2022 жылы 24-25 тамызда АТУ өкілдері «Адами капитал – жаңа Қазақстан дамуының негізгі ресурсы» ғылым және жоғары білім форумына қатысады.

Форумға қатысушылар құрамында – Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың басшылары, өкілдері, топ-менеджерлер, жұмыс берушілердің, Қазақстан студенттерінің өкілдері, жас ғалымдар, сондай-ақ БАҚ өкілдері бар. Форум шеңберінде қазіргі заманғы білім берудің негізгі үрдістері талқыланады, жаһандық трендтерге сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру жүйесін дамыту бағыттары айқындалады, сондай-ақ, жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар үшін басымдықтар мен міндеттер қалыптастырылады.

Форумда мына өзекті тақырыптар қозғалады:

  • Қазақстанның ғылымы және жоғары білімі: қайта құру нүктелері;
  • Кредиттік оқыту технологиясының жаңа жағдайындағы бағалау жүйесі;
  • Педагогикалық білім берудің 30 білім беру бағдарламасы: әзірлеу процесі және ұсыныстар;
  • Ғылымиметрикалық мәліметтерге негізделген стратегиялық шешімдер қабылдау және олардың THE және QS-ке әсері;
  • Технологияларды коммерцияландырудың практикалық мәселелері;
  • Қазақстанда әлемдік деңгейдегі жаңа ғылыми-зерттеу университетін құру. PhD Докторантура: Nazarbayev University тәжірибесі;
  • Кредиттік оқыту технологиясының жаңа жағдайындағы бағалау жүйесі;
  • Қазақстан жастар көзімен;
  • Адами капитал – ел экономикасын дамытудың негізгі ресурсы.

#gylym_jogarybilim #адамкапитал2022