Құрметті талапкерлер!
Сіздерге Нұрлан Қаппаров атындағы грантқа жыл сайынғы дәстүрлі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 23 тамызға дейін ұзартылғанын қуана хабарлаймыз.
Естеріңізге сала кетейік, конкурсқа 2022 жылы ҰБТ тапсырған, 50 және одан жоғары балл жинаған талапкерлер қатыса алады. Грант бір жылдық оқу шығындарын 100% өтейді.
Білім гранты 2020 жылы меценат Гаухар Қаппарованың бастамасымен және «Эндаумент АТУ» Корпоративтік қорымен танымал қазақстандық мемлекет қайраткері және бизнесмен, АТУ түлегі, Нұрлан Қаппаровты еске алу мақсатында құрылды.
Конкурсқа қатысу шарттары:
1. Экологияға қатысты бейнеролик түсіру
Энергия және ресурстарды үнемдеу, қалдықтардың қоршаған ортаға әсері сияқты мәселелерге арналған 3 минутқа дейінгі бейнесюжетпен Instagram әлеуметтік желісіндегі конкурсқа қатысушының аккаунтында пост жариялау міндетті. Бейнеролик әлеуметтік құндылығы бар өзекті мәселені көрсетуі және проблемалық жағдайды шешу жолдарын орыс немесе қазақ тілінде ұсынуы тиіс.
Бейнероликке қойылатын талаптар:
– ұзақтығы 3 минутқа дейін
– бейнероликке көлемі 300 (барлық әріптер мен белгілердің жалпы саны) белгіден кем емес орыс немесе қазақ тілдерінде мәтіндік сипаттама;
– авторлық құқықты сақтай отырып музыкалық сүйемелдеу
1. @atu_media және @endowmentfund.atu аккаунттарына жазылыңыз.
2. @atu_media @endowmentfund.atu аккаунттарын белгілеп және #endowmentfundatu #grantatu #ecoatu хэштегтерін қою міндетті.
Конкурс шарттары туралы толығырақ біздің сайтымызда: www.atu.edu.kz
Байқау қорытындысы 25 тамызда жарияланады. Өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз!
Біздің байланыс орталығымыз: +7 707 2218808, +7 777 0481846