Грант иегерлері 10 тамызда белгілі болады

0 Comments

Мемлекеттік білім гранттарын беру жөніндегі республикалық комиссия жұмысы аяқталды. Гранттар талапкерлер ҰБТ-дан өту кезінде жинаған баллдарға сәйкес бекітілген қағидаларға сәйкес конкурстық негізде беріледі.

Биылғы жылы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға арналған гранттар саны ұлғайтылды. Сондай-ақ ауыл жастары және ҚР азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін квоталар көзделген. Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін барлығы 80 мыңға жуық өтінім берілді.

Грант байқауының қорытындылары ҚР ҒжЖБМ ресми Telegram-арнасында (https://t.me/gylym_jogary_bilim).