Құттықтаймыз!

0 Comments

АТУ-дың «В070 Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдары» білім беру бағдарламалар тобы Қазақстан жоғары оқу орындарының институционалдық рейтингінің білім беру бағдарламаларының «ТОП-10» қатарына енді!

Бұл бағыт бойынша біздің студенттер пішу мен тігудің кәсіби дағдыларына үйренеді, тігін машиналарының құрылымын, сондай-ақ болашақта кәсіби қызметте қолданылатын басқа да құралдар мен аппараттарды зерттейді.

Біз келесі мамандықтар бойынша мамандар дайындаймыз:

* Дизайнер-модельердің шығармашылық идеяларын жүзеге асыратын технолог

* Ірі өндірістік зертханаларда инженер-зертханашы

* Жеңіл және тоқыма өнеркәсібі кәсіпорындары маманы

* Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын дайындау және шығарумен байланысты ауқымды іс-шараларды ұйымдастырушы

Осы саланы игере отырып, сен де жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын өндіруге маманданған ірі компанияларда, салалық ұйымдарда жұмыс істеу мүмкіндігі бар!

АТУ-ға түс! Ең үздігін таңда!

В070 Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдары

6В07204 Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және қүрастырылуы

6В07205 Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы

АТУ коды053