Виртуалды қабылдау комиссиясы грантқа өтініш қабылдайды!

0 Comments

Құрметті талапкерлер және олардың ата-аналары!

Егер шалғай өңірлерде тұрсаңыз, сізге ыңғайлы болу үшін бізде Виртуалды қабылдау комиссиясы жұмыс істейді.  Яғни, грантқа құжаттарды тапсыру үшін сізге университетке келудің қажеті жоқ. Құжаттарыңызды Zoom платформасы арқылы онлайн режимде өткізуіңізге болады. Конференция идентификаторлары біздің www.atu.edu.kz сайтында Виртуалды қабылдау комиссиясы бөлімінде орналастырылған.

Ал университетке келуге мүмкіндігі бар жандарды күн сайын демалыссыз сағат 9-дан 18-ге дейін күтеміз.

Грантқа құжаттарды қабылдау 20 шілдеге дейін жалғасады.

Өз мүмкіндігіңізді пайдаланыңыз!

АТУ коды – «053».

Толығырақ тел.: 8 (727) 221 88 08 ,8-707-221 88 08