Грантқа қалай өтініш беруге болады?
13-20 шілде аралығында мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау жүргізіліп жатқанын еске саламыз!
Сіздер бірнеше жолмен өтініш бере аласыздар:
1. Біздің университетімізге мына мекен-жай бойынша келу арқылы: Төле би көшесі, 100 (Байтұрсынов к-сі қиылысы)
2. Біздің www.atu.edu.kz веб-сайтындағы Виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы. Бұл шалғай өңірлерде тұратындарға ыңғайлы болу үшін жасалған.
3. Кез келген ЖОО-ның қабылдау комиссиясы арқылы. Яғни, сіз өзіңізге жақын орналасқан ЖОО-ның қабылдау комиссиясына АТУ-дың білім беру бағдарламаларына өтініш бере аласыз.
4.Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы өз бетіңізше АТУ-дың білім беру бағдарламаларын таңдап өтініш бере аласыз
Өтініш беру үшін келесі құжаттар қажет:
– жеке куәлік
– ҰБТ сертификаты. 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткен ҰБТ-ның екі нәтижесінің бірі болуы керек
– Жеңілдік санаты бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар.
АТУ коды: 053
АТУ-ды таңдап, грант иегері атаныңыз!