Мемлекеттік грантқа өтініш қабылдау басталды.

0 Comments
Құрметті ТАЛАПКЕРЛЕР!
Биыл грант конкурсына өтінімдер электронды түрде қабылданбайды egov.kz арқылы
Құжаттарды қабылдау КЕЗ КЕЛГЕН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНЫҢ ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ арқылы жүзеге асырылады.
Шалғай аймақтарда тұратын талапкерлердің ыңғайы үшін ЖОО-да виртуалдық қабылдау комиссиялары талапкерлерге бейне байланыс арқылы кеңес беріп, ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАЙДЫ.
2022 жылы мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау  13-ші шілде күні басталып,  20-шы шілдеге дейін жалғасатынын хабарлауға асықпыз!
Біздің университетіміздің коды:
053-АТУ
Конкурсқа қатысуға келесі құжаттар қажет:
жеке куәлік;
ҰБТ сертификаты;
3х4 көлеміндегі фото;
орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом);
№ 075/у нысанындағы медициналық анықтама және № 063/у нысанындағы профилактикалық екпелер картасы;
ер жігіттер үшін әскери тіркелу куәлігі;
жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар.
Естеріңізге сала кетейік, талапкерлер 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткен ҰБТ-ның екі нәтижесінің біреуін ғана конкурсқа ұсына алады.
Біздің университетімізді таңдап, грант иегері атануларыңызды тілейміз!