Құттықтаймыз!!!
2022 жылдың 30 маусымында АТУ Ғылыми кеңесінің қорытынды отырысында университеттің Эндаумент қорының дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар декандар мен кафедра меңгерушілері марапатталды.
Тағам технологиялары факультетінің деканы Жаксылыкова Г. Н., дизайн, тоқыма және киім технологиялары факультетінің деканы Сарттарова Л. Т., «Азық-түлік технологиясы» кафедрасының меңгерушісі Таева А.М. «Нан өнімдері және қайта өңдеу өндірісінің технологиясы» кафедрасының меңгерушісі Асқарбекова Э.Б. «Азық-түлік биотехнологиясы» кафедрасының меңгерушісі Ш.А. Абжанова «Бұйымдар мен тауарлардың технологиясы және құрастырылуы» кафедра меңгерушісі Талгатбекова А.Ж.-ға алғыс хаттар табыс етілді.
Сондай-ақ, 2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша үздік куратор-эдвайзерлер марапатталды. Бұл атаққа үміткерлер студенттер арасындағы сауалнама және сауалнама нәтижелері бойынша анықталғанын атап өткен жөн. Ректор атынан оларға АТУ-дың қоғамдық қызметіне қосқан үлесі үшін алғыс хаттар табыс етілді.




