Тағам технологиялары факультетінің түлектеріне дипломдар табыс етілді
Бүгін АТУ-да үздік және ең көп маман дайындаған тағам технологиялары факультетінің түлектеріне дипломдар табыс етілді.
Биыл университет тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары үшін сегіз жүз жас маман даярлады.
Бұл астықты қайта өңдеу, нан пісіру, макарон, кондитерлік, сүт, ет, балық салалары, ликер-арақ, шарап жасау, сыра қайнату зауыттары, алкогольсіз сусындар шығаратын кәсіпорындар үшін жоғары білікті кадрлар. Біздің түлектеріміз жобалау-конструкторлық ұйымдарда, ғылыми-зерттеу және сынақ орталықтары мен зертханаларда, шикізат пен дайын өнімді сертификаттау және сәйкестендіру қызметтерінде, тамақ өнімдерінің өндірісі мен айналымын бақылау органдарында және мұнай-химия кәсіпорындарында жоғары сұранысқа ие.
Құрметті түлектер! Студенттік өміріңіздің төрт жылы артта қалды. Алда-жаңа өмір, жетістікке жетуіңіз сіздің мақсатыңызға, тілегіңізге, табандылығыңызға байланысты.
Сіздерге сәттілік тілейміз! Барлық армандарыңыз орындалсын!