Нұрлан Қаппаров атындағы грант байқауы 2022

0 Comments

Құрметті талапкерлер! 

Сіздерге Нұрлан Қаппаров атындағы грант байқауға қатысуға өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы қуана хабарлаймыз. Байқау жыл сайын АТУ бакалавриатының білім беру бағдарламаларын таңдаған талапкерлер арасында өткізіледі.

Нұрлан Қаппаров атындағы грант  бір академиялық  оқу жылындағы шығындарды 100% өтеуді көздейді.

2022 жылы ҰБТ нәтижелері бойынша 50 және одан жоғары балл жинаған талапкерлер үміткер бола алады.

Нұрлан Қаппаров атындағы білім гранты меценат Гаухар Қаппарованың бастамасымен және «Эндаумент АТУ» Корпоративтік Қорымен 2020 жылы құрылды.

Нұрлан Қаппаров Алматы технологиялық университетінің түлегі.

Нұрлан Қаппаров қазақстандық мемлекет қайраткері және жастарға және білім беру мәселелеріне көп көңіл бөлген бизнесмен болды.

Грант беру конкурсына қатысу шарттары:

👉 Экологияға қатысты бейнеролик

Энергия және ресурстарды үнемдеу, қалдықтардың қоршаған ортаға әсері сияқты мәселелерге арналған 3 минутқа дейінгі бейнесюжетпен Instagram әлеуметтік желісіндегі конкурсқа қатысушының аккаунтында пост жариялау міндетті. Бейнеролик әлеуметтік құндылығы бар өзекті мәслені көрсетуі және проблемалық жағдайды шешу жолдарын қазақ немесе орыс тілінде ұсынуы тиіс.

Бейнероликке қойылатын талаптар:

  • ұзақтығы 3 минутқа дейін;
  • бейнероликке көлемі 300 (барлық әріптер мен белгілердің жалпы саны) белгіден кем емес қазақ немесе орыс  тілдерінде мәтіндік сипаттама;
  • авторлық құқықты сақтай отырып музыкалық сүйемелдеу;
  • @atu_media және @endowmentfund.atu аккаунттарына жазылу;
  • АТУ @atu_media, @endowmentfund.atu аккаунттарын міндетті түрде белгілей отырып, конкурсқа қатысушының Instagram аккаунттарында бейнеролик және тақырып сипаттамасы бар тақырыпқа пост жариялау және #endowmentfundatu #grantatu   #ecoatu хэштегтерін жазу.

Қосымша бейнеролик көрсетілген мекенжайға электрондық форматта endowment@atu.edu.kz 2022 жылдың 15 тамызына дейін жіберілуі керек.

Бейне ролигі бар хатқа ҰБТ сертификатының көшірмесін, сондай-ақ жалпы орта білім туралы аттестаттың көшірмесін немесе техникалық және кәсіптік білім туралы дипломның көшірмесін қоса беру қажет.

Қатысушылардың постарында жарияланған бейнероликтер бойынша конкурс нәтижелерін сараптама комиссиясы 2022 жылғы 25 тамызға дейін жариялайды.