«Sanaly Urpaq» жобалық кеңсесінің салтанатты ашылуы

0 Comments

Бүгін Алматы технологиялық университетінде «Sanaly Urpaq» жобалық кеңсесінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл жоба сыбайлас жемқорлықты жоюға және білім беру жүйесінде, әсіресе, студенттер арасында жемқорлықты жалпыға бірдей қабылдамау ортасын қалыптастыруға бағытталған.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті превенция басқармасының басшысы Сәлімбаев Қ.А., «Sanaly Urpaq» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Токушев Қ.А. өз сөздерінде атап өткендей, АТУ сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мәселелеріне басымдық береді. Бұл өз қабырғасында жастарды сыбайлас жемқорлық фактілеріне төзбеушілік жүйесін қалыптастыру жөніндегі жұмысқа белсенді тартуға бағытталған мамандандырылған аудиторияны ашқан алғашқы акционерлік жоғары оқу орны.

АТУ-ға сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты енгізу бойынша жұмыстың нәтижелілігін биылғы жылы ЖОО-да ISO 37001:2016 халықаралық стандартына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі табысты енгізілгені айғақтайды.

Бүгінгі іс-шарада Менеджмент жүйесін сертификаттау республикалық орталығының аудиторы Абельсеитова С.К. АТУ-ға халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігі туралы сертификат табыс етті.

Бұл үлкен жетістік және үлкен жауапкершілік, – екендігін атап өтті ЖОО басшылығының өкілдері.