«Sanaly Urpaq» жобалық кеңсесінің ашылуы

0 Comments

29 маусым күні сағат 11:00-де Алматы технологиялық университетінде «Sanaly Urpaq» жобалық кеңсесінің салтанатты ашылуы өтеді.

«Sanaly Urpaq» жобасының мақсаты – сыбайлас жемқорлықты жою және білім беру жүйесінде, әсіресе студент жастар арасында болдырмау ортасын қалыптастыру.

«Алматы технологиялық университеті» АҚ осы бағытта белсенді жұмыс жүргізуде. Университетте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін енгізу бойынша барлық жұмысты үйлестіретін құқықтық қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасы жұмыс істейді.

Ағымдағы оқу жылында АТУ-да ISO 37001:2016 халықаралық стандартына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесін енгізу бойынша жұмыс жүргізілді.

Біздің университет қабырғасында жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша қызметкерлер мен ПОҚ үшін де, сондай-ақ білім алушылар үшін де түрлі іс-шаралар мен кездесулер өткізіледі.

ЖОО басшылығының оқу корпусында жеке мамандандырылған аудитория ашу туралы шешімі жастарды сыбайлас жемқорлық фактілеріне төзбеушілік жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысқа белсенді тартуға бағытталған. Аталған аудиторияда студенттер кездесулер өткізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін дамыту мәселелерін талқылай алады.

«Sanaly Urpaq» жобалық кеңсесінің ашылу салтанатына сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысатын ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысады. Сондай-ақ, халықаралық және отандық сарапшылардың ұсыныстарын ескере отырып, «АТУ» АҚ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты енгізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесін дамыту жөніндегі жұмыс нәтижелерінің таныстырылымы өтеді.

Өтетін орны: Алматы қ., Төле би к-сі, 100.