Бүгін АТУ-да шығармашылық емтихан тапсыру үшін құжаттарды қабылдау басталды
Құрметті талапкер! Егер «Дизайн» 👩🎨 («Дизайн, Сән») білім беру бағдарламасына АТУ-ға түскің келсе, сен үшін маңызды ақпарат!
⚠️ «Дизайн, Сән» білім бағдарламасы бойынша шығармашылық емтихан тапсыратын талапкерлер назарына! Қабылдау комиссиясына (108 кабинет) толық құжаттар тізімін тапсырған талапкерлер ғана шығармашылық емтиханның кеңес беруіне қатыса алады.
Бүгін шығармашылық емтихан тапсыру үшін құжаттарды 📄 қабылдау басталды.
👉 Шығармашылық емтихан екі кезеңнен тұрады:
✅ Геометриялық фигуралардың суреті
✅ Сызу
Кеңес керек болса кел, біз сені емтихан тапсыруға дайындаймыз. Кеңес беру 20-30 маусым аралығында күн сайын (25.06 – 26.06-дан басқа) 9.00-ден 12:30-ға дейін жүргізіледі. Өзіңмен қарапайым қарындаш, сурет салуға арналған қағаз, өшіргіш, ұштағыш алып келсең болды.
🗺️ Өтетін орны: Төле би к-сі, 100, ГУК АТУ, аудитория: 1206, 1208
Сұрақтарыңыз болса, қоңырау шалыңыз: 📞 +7 707 2218808, +7 777 0481846