QS 2023 әлемдік рейтингіне енген Қазақстанның жоғары оқу орындарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті

Бүгін QS 2023 әлемдік рейтингіне енген Қазақстанның жоғары оқу орындарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. QS World University Rankings жоғары оқу орындары үшін үш беделді әлемдік рейтингтердің бірі.

Орталық Азия, Ресей және Шығыс Еуропа елдері бойынша QS өңірлік директоры С.В. Христолюбов марапатты ректор Т. К. Кулажановқа табыс етті. АТУ Әлемдік рейтингке енген Қазақстанның 16 жоғары оқу орны арасында әлемнің 600 үздік ЖОО-на кіріп, 561-570 позицияны иеленді. QS 2023 рейтингі бойынша АТУ 7 орында.

QS рейтингінде әлемнің үздік университеттерін анықтау үшін 6 критерий ескеріледі:

  • Ғылыми зерттеулер саласындағы беделі
  • Оқытушылар құрамының студенттер санына арақатынасы
  • Жұмыс берушілер арасындағы беделі
  • Дәйексөз индексі
  • Шетелдік студенттердің үлесі
  • Шетелдік оқытушылардың үлесі

Біз АТУ-ды осы айтулы оқиғамен құттықтаймыз және жыл сайын үздік университеттердің әлемдік рейтингісіндегі өз нәтижелерін жақсартуын тілейміз!