«АТУ-2022 үздік электрондық курсы» байқауының жеңімпаздары мен финалистерін марапаттау
Бүгін АТУ-да әдістемелік семинар өтті, онда оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу нысандары, ЖОО-да цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану, ЖОО-да оқытудың интерактивті әдістері, сондай-ақ жаппай онлайн ашық курста интерактивті әдістерді қолдану мүмкіндіктері бойынша ұсынымдар берілді.
Іс-шара аясында «Эндаумент АТУ» корпоративтік қорының инвестициялық табысы есебінен «АТУ-2022 үздік электрондық курсы» байқауының жеңімпаздары мен финалистерін марапаттау рәсімі өтті. «АТУ үздік электрондық курсы» байқауының келесі қатысушылары ақшалай сыйлыққа ие болды:
- Әлібекова Айгүл Нұрбақытқызы
- Матибаева Айнұр Ибраева
- Григорьева Ольга Васильевна
- Жолдыбаева Айнұр Амангелдіқызы
- Мәжит Жәмилә Батырқызы
- Кирбетова Анар Сағатқызы
- Туебекова Зейнеп Жапарқызы
Оқытушыларды құттықтаймыз және жаңа идеялар мен жобалар тілейміз!
рсы»байқауының жеңімпаздары мен финалистерін марапаттау