Балаларды сәтті қорғаумен құттықтаймыз!

0 Comments

6 маусымда Қазақстан-Швейцария туризм және қонақ үй бизнесі институтында дипломдық жұмыстар қорғалды. Қос диплом бағдарламасы аясында KSITтүлектері бірден екі диплом алады: АТУ және Менеджмент,Туризм және Қонақ үй институтының. (HTMI, Швейцария).

Аттестаттау комиссиясының төрайымы, Қазақстан Туристік қауымдастығының директоры және Қазақстан Қонақ үйлер мен Мейрамханалар қауымдастығының президенті Шайкенова Рашида Рашидовна студенттердің кәсіби дайындығының жақсы деңгейін, тілді еркін меңгергендігін, қонақ үй бизнесінде болып жатқан үдерістерді білетіндігін атап өтті.

Ал KSIT-те мамандар даярлаудың үздік дәлелі олардың еңбек нарығында жоғары талап етілуі болып табылады.