АТУ QS World University Ranking-2023 рейтингісінде 561-570 орынға ие болды

0 Comments

Құттықтаймыз!

QS World University Ranking-2023 әлемдік рейтингінің нәтижелері бойынша Алматы технологиялық университеті алғаш рет әлемнің үздік университеттерінің ТОП-600-іне кіріп, 561-570 позицияны иеленді! Айта кету керек, АТУ әлемдік рейтингке енген Қазақстанның 16 ЖОО арасында 7-ші орынға ие болды.

QS World University Ranking жоғары оқу орындары үшін үш беделді әлемдік рейтингтердің бірі болып табылады. Алматы технологиялық университеті Сіздің қолдауларыңызбен алдағы уақытта да өз ұстанымын нығайтады деп үміттенеді!

QS рейтингісінің нәтижелері бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындарын саралау!

1) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 150
2) Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – 277
3) Satpaev University – 405
4) Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті – 443
5) Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті – 481
6) Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті – 511-520
7) Алматы технологиялық университеті – 561-570
8) Қарағанды техникалық университеті – 651-700
9) С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті – 651-700
10) Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті – 701-750
11) Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті – 801-1000
12) Қазақстан-Британ техникалық университеті – 801-1000
13) КІМЕР – 801-1000
14) Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті – 1001-1200
15) С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті – 1201-1400
16) С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті – 1201-1400