Х Спартакиада

0 Comments

Бүгін университеттің 65 жылдығына арналған АТУ және АТЭК қызметкерлерінің Х Спартакиадасы аяқталды. Бір апта бойы ыстық спорттық шайқастар болды. Жарысқа 6 команда қатысты. Спартакиада бағдарламасына спорттың 10 түрі ойнатылды: волейбол, баскетбол, мини-футбол, дартс, арқан тарту, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, эстафета, үстел теннисі.

Нәтижесінде ең мықты атағын және жалпыкомандалық есепте Алматы техноло-экономикалық колледжінің командасы жеңіп алды. Екінші орында АТУ әкімшілік-басқару персоналының құрама командасы. Үшінші орында АТУ Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультетінің командасы.

Жеңімпаздар грамоталармен, кубоктармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз және спортшыларымызға жаңа жеңістер тілейміз!