Сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар

0 Comments

31 мамырда Алматы технологиялық университетінің профессор–оқытушылар құрамымен, әкімшілік-басқару персоналымен және білім алушыларымен «Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы»тақырыбында семинар өтті. Оны Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті АТУ-мен бірлесіп ұйымдастырды.

Семинарда сөз сөйлеген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің превенция басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Қайратұлы Мағжан Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына түсіндірме берді. «Алматы технологиялық университеті» сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша атқарылған жұмыс туралы бірінші проректор Нұрахметов Бауыржан Құмарғалиұлы баяндама жасады.