«Студенттердің өзін-өзі бағалау ерекшеліктері» тақырыпта қалалық конференциясы өтті
Бүгін АТУ-да ЖОО психологтарының «Студенттердің өзін-өзі бағалау ерекшеліктері» тақырыпта қалалық конференциясы өтті. Оның жұмысына студенттерді психологиялық қолдау саласындағы сарапшылар, сондай-ақ әлеуметтанушылар қатысты.
Конференцияда Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің халық-аралық ғылыми-зерттеу институтының психология және педагогика кафедрасының меңгерушісі Сатыбалдина М.Б., философия ғылымдарының докторы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның сараптамалық кеңесінің мүшесі, АТУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Қодар З.М.. Саяси ғылымдар кандидаты, әлеуметтікгуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Жүнісбаева А.М. баяндама жасады. Спикерлер студенттердің ментальді денсаулығының бұзылуының алдын алу, студенттердің гендерлік аспектідегі әлеуметтік көңіл-күйі, студенттер ерекше әлеуметтік топ ретінде өзекті мәселелерді қозғады.
Студенттердің өзін-өзі бағалауына әсер ететін факторлар, осыған байланысты туындайтын мәселелер, сондай-ақ оларға практикалық көмек көрсету мәселелері талқыланды.
Конференцияға қатысушылар ATU Inn, оқу-қонақ үй кешенінің мейрамханасында бір кесе кофе ішіп, тренингтерге қатысты, АТУ психологиялық қолдау кабинетімен танысты.